
2026 жылғы 13–14 тамыз аралығында Жарма ауданында өткен іс-сапар аясында №2 МӘС бөлімінің мамандары Қалбатау ауылында Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының “Жарма аудандық ауруханасы” ШЖҚ КМК ДКК төрағасымен және дәрігерлерімен семинар-кеңес өткізді.
Жұмыс медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес штаттық режимде жүргізілді.
Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылды:
1. азаматтарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға алғаш рет жолдаудың негізгі критерийлері;
2. сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау;
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №260 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес азаматтарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау мерзімдерінің сақталуы.
4. мүгедектігі бар адамдарды сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етуге арналған медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер.
Іс-шара соңында медициналық ұйымның дәрігерлері семинар тақырыптарына қатысты сұрақтарын қойып, олардың барлығына жан-жақты түсіндірмелер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-abay/press/news/details/1275364?lang=ru

Жауап қалдыру