«Зейнет.kz» жобасының жаңа шығарылымы жарық көрді!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Зейнет.kz» жобасының жаңа шығарылымы жарық көрді!

Зейнетақы жинағы –шотта жай ғана сақталып тұрған қаражат емес. Ол инвестицияланып, түскен кіріс жинақтың өсуіне ықпал етеді.
Жаңа шығарылымда зейнетақы қаражатын кім басқаратыны, Ұлттық Банк пен инвестициялық портфельді басқарушылардың атқаратын қызметі, ИПБ таңдағанда нені ескеру керектігі туралы айтамыз.
Сондай-ақ жинақтың бір бөлігін ИПБ-ға беру тәртібі мен invest.enpf.kz платформасының мүмкіндіктеріне тоқталамыз.
Толығырақ жаңа шығарылымнан көріңіз.
https://youtu.be/HUMkQQJyiDw?si=Y0IvjxyjQ-vksZfr

2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап салымшылар зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) сенімгерлік басқаруға бере алады.

Қандай өзгерістер болады?

Салымшылар:
ИПБ-ға берілетін жинақ мөлшерін өздері белгілейді;
жинақтарын бірнеше басқарушыға бере алады.

Әр ИПБ салымшыларға үш түрлі инвестициялық портфельге дейін ұсына алады: консервативті, теңгерімді және тәуекелі жоғары. Олар тәуекел деңгейі, инвестиция құрамы және салым мерзімі бойынша ерекшеленеді.

Басқарушылардың табыстылық көрсеткіштерін салыстырып, инвестициялық стратегияларымен invest.enpf.kz платформасында танысуға болады.

Жинақты аудару туралы өтінішті:

enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте ЭЦҚ арқылы;

жеке басын куәландыратын құжатпен БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесінде беруге болады.

Өтініштің мәртебесін БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинеттен немесе мобильді қосымшадан көруге болады. Жинақ өтініш түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде ИПБ-ға аударылады.

Жинақты алдыңғы аударымнан кейін кемінде бір жыл өткен соң бір ИПБ-дан екіншісіне ауыстыруға немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруына қайтаруға болады.
Қадамдық нұсқаулық enpf.kz сайтында және БЖЗҚ-ның ресми YouTube арнасында қолжетімді. https://t.me/enpfkz/3854

Зейнетақы жинақтарын тұрақты қалыптастырып жүрген қазақстандықтардың саны артып келеді
Қазақстанда азаматтардың болашақ зейнетақысына деген жауапкершілігі жылдан-жылға артып келеді. Көпшілік зейнетақы жинағын қартайған шақтағы тұрмыс деңгейіне ықпал ететін ұзақ мерзімді жеке қаржысы ретінде қабылдай бастады.

Мұны зейнетақы жинақтарының қарқынды өсуінен, халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне кеңінен тартылуынан, жарналарды тұрақты төлейтін азаматтар санының артуынан және аударымдардың жүйелі жүргізілуінен байқауға болады.

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қазақстандықтардың БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары 28,09 трлн теңгеге жетті. Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 4,08 трлн теңгеге немесе 17%-ға өсті.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуын көрсететін маңызды көрсеткіштердің бірі – зейнетақы шоттары санының тұрақты артуы. 2026 жылғы 1 шілдеде БЖЗҚ-да 18,78 млн зейнетақы шоты бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,11 млн-ға немесе 6,3%-ға көп.

Толық ақпарат enpf.kz сайтында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1275369?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді