Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, Абай Құнанбайұлының шығармалары арқылы жас ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылатын дәстүрлі «Абай оқулары» байқауының Абай ауданы бойынша жеңімпаздарын марапаттау рәсімі №52 мектеп-лицейінің базасында өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты — Абай шығармаларын кеңінен насихаттау, оқушылардың классикалық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттері мен эстетикалық талғамын дамыту, сондай-ақ ұлы ақынның рухани мұрасына деген сүйіспеншілікті нығайту.
Байқауды Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен Шымкент қаласының білім басқармасы ұйымдастырды.
Абай ауданы бойынша 51 жеңімпаз бен олардың 51 жетекшісі диплом және бағалы сертификаттармен марапатталды.
Жеңімпаздарды Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының директоры Шолпан Сапарбайқызы Айтбаева және қалалық «Абай оқулары» байқауының қазылар алқасының төрағасы, «Дарын» сыйлығының иегері, айтыскер ақын, «Қаратау» өнер мектебінің директоры, Ұлттық құрылтай мүшесі Біржан Ғаниұлы Байтуов арнайы марапаттап, жүрекжарды тілектерін білдірді.
Жауап қалдыру