АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КИБЕРПОЛИЦИЯ ІРІ КӨЛЕМДЕГІ АЛАЯҚТЫҚТЫ ӘШКЕРЕЛЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысында киберполицейлер мемлекеттік грант алуға көмек көрсетемін деген сылтаумен азаматтарды «WhatsApp» мессенджері арқылы алдап келген әйелдің заңсыз әрекетін тоқтатты.

– Жедел-іздестіру шаралары барысында Еңбекшіқазақ ауданында жергілікті тұрғын ұсталды. Тергеу барысында ол азаматтарды алдап, 5 миллион теңгеден астам қаражатты иемденгені анықталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу аясында оның заңсыз әрекеттерінің 10-нан астам эпизоды тіркелді, – деп хабарлады киберполицейлер.

Аталған факті бойынша алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті барлық қажетті тергеу шараларын жүргізу үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Алматы облысы полиция департаменті азаматтарды сақ болуға шақырады. Мемлекеттік органдардың атынан қаржылық көмек туралы күмәнді ұсыныстарға, әсіресе мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы таратылатын хабарламаларға сенбеуге кеңес береді. Есіңізде болсын, жинақыңыздың сақталуы – өз қолыңызда!


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді