Полиция қызметі – бұл ерлік пен тәртіп қана емес, жүрекпен атқарылатын адал еңбек. Осындай қиын да жауапты жолда бір-бірін тапқан жандар, Токтамысовтар отбасы.
Олардың таныстығы 2022 жылы Іле аудандық полиция басқармасында басталды. Бір мақсат, бір қызмет екеуін жақындатып, жүректерін тоғыстырды. Содан бері үш жыл бойы олар бірге. Өткен жылы заңды некеге тұрып, бір-біріне мәңгілік серт берді.
Тоқтамысов Дамир Маулеткерімұлы – Алматы облысы ПД патрульдік полиция батальонының инспекторы, полиция аға лейтенанты. Өз қызметінде тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жоғары жауапкершілік танытып келеді. Ал жары, Тоқтамысова Аида Балташқызы – Алматы облысы ПД ЖПҚБ кәмілетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы.
Бүгінде олар тек қызметте ғана емес, өмірде де сенімді серіктес. Бір-біріне тірек болып, қызмет пен отбасын үйлестіріп, қоғам тыныштығы жолында еңбек етуде.
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күні» нағыз махаббаттың символы. Осы мереке қарсаңында Дамир мен Аидадай жандардың болмысы шынайы махаббат пен құрметтің үлгісі бола алады. Олардың хикаясы – бір-біріне деген сенім мен қолдаудың, қызмет пен отбасы арасындағы тепе-теңдіктің көрінісі. Мерекемен құттықтай отырып, оларға баянды бақыт, берекелі отбасы, қызмет жолында табыс тілейміз.
Жауап қалдыру