Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік кіріс органдарының құрылғанына 12 жыл толуына орай спорттық жарыс өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 12 жыл толуына орай Спартакиада өтті.

    Спорттық шараға Мемлекеттік кірістер комитеті мен аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінің 400-ге жуық қызметкері қатысты.

     Спартакиаданың ашылу салтанатына Олимпиада чемпионы әрі қоғам қайраткері Серік Сәпиев қатысып, құттықтау сөз сөйледі және қатысушыларға сәтті өнер көрсетуді, командалық рух пен жаңа спорттық жеңістер тіледі.

     Ашылу салтанатына «Жеңіс» клубының капитаны әрі Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы, қазақстандық футболшы Қуат Исламбек те қатысты.      

     Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев те құттықтау сөз сөйледі. Ол қызметкерлерді мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 12 жыл толуымен құттықтап, мұндай іс-шаралардың ұжымдық рухты нығайтуда, өзара қарым-қатынасты дамытуда және біртұтас команда қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті.

     «Бүгін мұнда еліміздің барлық өңірінен қызметкерлер жиналды. Бұл – бәсекелестік рухты көрсетуге ғана емес, сонымен қатар біртұтас команда екенімізді сезінуге таптырмас мүмкіндік. Соңғы 12 жыл ішінде мемлекеттік кірістер органдары үлкен жолдан өтті, ал бүгінде біздің алдымызда жаңа міндеттер тұр», – деп атап өтті Жандос Дүйсембиев.

     Спартакиаданың басты мақсаты – Мемлекеттік кірістер комитеті жүйесінде дене шынықтыру мен спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ командалық өзара іс-қимылды нығайту және ұжымдық бірлікті қалыптастыру.

      Жарыстар алты спорт түрі мен дисциплинаны қамтыды: футбол, шахмат, волейбол, үстел теннисі, Counter-Strike және Dota. Нәтижелер негізінде командалық жарыстардың жеңімпаздары мен үздік жеке ойыншылар анықталды.

Футбол
I орын – МКК
II орын – Түркестан облысы бойынша МКД
III орын – Алматы қаласы бойынша МКД

Шахмат 

I орын – МКК
II орын – Шымкент қаласы бойынша МКД

III орын – Жетісу облысы бойынша МКД

🏐 Волейбол
I орын – «DSR Company» ЖШС
II орын – Ақмола облысы бойынша МКД

III орын – Алматы қаласы бойынша МКД

🏓 Үстел теннисі

I орын – Шығыс Қазақстан облысы бойынша МКД
II орын – МКК
III орын – Ақтөбе облысы бойынша МКД
 

🎮 «Counter-Strike»

 I орын – Астана қаласы бойынша МКД

II орын – Абай облысы бойынша МКД

III орын – Алматы қаласы бойынша МКД

   

🎮 «Dota»

I орын – Астана қаласы бойынша МКД

II орын – Шымкент қаласы бойынша МКД

III орын – Жетісу облысы бойынша МКД

 

Командалық жалпы нәтижелер:

I орын – МКК (2 алтын, 1 күміс)

II орын – Астана (2 алтын)

III орын – Шығыс Қазақстан облысы және DSRC (1 алтыннан)

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1275415?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді