Дәрілік заттардың шекті бағалары туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2022 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, Денсаулық сақтау саласындағы бәсекелестікті дамыту жөніндегі Жол картасын бекітті, онда көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін дәрілік заттарды бағалық реттеуден кезең-кезеңімен бас тарту көзделген. 2023 жылы 3-тен астам аналогы және 3-тен астам өндірушісі бар рецептсіз өткізілетін дәрілік заттардың 302 атауы бағалық реттеуден шығарылды. 2024 жылы қайта реттеудің екінші кезеңіне өтуге байланысты көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бағалық реттеуге жататын дәрілік заттардың тізбесі 7141-ден 6060 ДЗ-ға дейін қысқарды, ал шекті бағалар ДЗ 5936 атауына белгіленді.


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді