
Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге салықтық есептіліктегі ықтимал сәйкессіздіктер туралы push-хабарламалар жібереді.
Хабарлама алған жағдайда оның мазмұнымен танысып, салықтық есептіліктегі деректерді тексеріңіз.
Сәйкессіздік анықталған болса, оны белгіленген тәртіппен уақтылы түзету ұсынылады.
Push-хабарлама алдын ала ақпараттандыру сипатында болады. Кейін камеральдық бақылау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген тәртіппен ресми хабарлама жіберілуі мүмкін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1275392?lang=ru

Жауап қалдыру