Ағымдағы жылдың 16 сәуірінде Қызылорда облысы Әділет департаментінің басшының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Оразгелді Ұзақбай Оразгелдіұлы «Әдеп нормалары сақтаудағы атқарылған жұмыстар» және «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында облыстық Қызылорда телеарнасына сұхбат берді. Сондай-ақ Ұ.Оразгелді департаменттің «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында атқарылған жұмыстары жайлы атап өтті. Оразгелді Ұзақбай Оразгелдіұлы сұхбатта жастардың білімге жақын болу керектігін тілге тиек етті. Сонымен қатар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүйелі түрде жүргізілетінін жеткізді.
Жауап қалдыру