Отбасының цифрлық картасы ақпараттық жүйесіндегі әлеуметтік осал санаттағы отбасыларды (Д және Е санаттары) қолдау және олардың санын азайту мақсатында жұмысшы топтың кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, ауылдық округ әкімдерінің орынбасарлары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Мансап» орталығы, аудандық емхана, «Ветеринария қызметі» КММ аудандық филиалы, ішкі саясат бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы», білім бөлімі және өзге де жауапты сала өкілдері қатысты.
Отырыс барысында балабақша және мектеп жасындағы балаларды НОБД (Ұлттық білім беру деректер қоры) ақпараттық жүйесіне тіркеу мәселесі көтеріліп, аудандық білім бөлімінің жауапты маманы Сүндет Серікбаев аталған бағыттағы жұмыстар туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар, аудандық емхана басшысы Бақыт Стамқұлов тұрғындарды емханаға тіркеу, МӘМС (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесіне төлем жүргізу және өзектендіру барысы туралы ақпарат беріп өтті.
Жиында Бақытжан Букебаев қаралған мәселелер бойынша тиісті сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Әлеуметтік әлжуаз топтағы отбасылармен жұмысты жүйелі жүргізу, ақпараттық жүйелердегі деректерді өзектендіру және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру – алдағы уақыттағы басты міндет болып белгіленді.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жауап қалдыру