АШЫҚТЫҚ — АТҚАРУШЫ БИЛІКТІҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
🇰🇿 «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17 және 21-баптарына сәйкес және қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру мақсатындағы аудан әкімінің кездесуі Тасарық ауылдық округінде жалғасын тапты.
📌 Тұрғындардың көкейлеріндегі мазалаған сұрақтар мен туындаған мәселелерді шешу, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, ұсыныс өтінімдерін қабылдау — жергілікті атқарушы биліктің басты назарында. Сондықтан, кездесуде өздеріңізді толғандырған мәселелерді ортаға салып, мәселелерді ашық айтуларыңызды сұранамын,- деді аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы.
↪️Аудан әкімі Тасарық әлеуметтік -экономикалық дамуының 2024 жылғы қорытындысы мен 2025 жылы жүзеге асатын жобаларды таныстырды.
🔰 2024 жылы 5 әлеуметтік нысанға 157 млн.теңге қарастырылып, тиісті жұмыстар атқарылды.
🔹 Атап айтқанда: Ханарық елді мекені А.Навои, Мәуелі және С.Рахимов, Жамбыл елді мекені Итемір әулие, Беласар, Алатау, Асар көшелеріне ҚР Ұлттық қор, Тасарық елді мекені М.Әуезов және Т.Тоғысбаев көшелеріне облыстық бюджет есебінен, электр желілері жүргізіліп, трансформаторлар орнатылды. Ханарық және Тасарық елді мекендеріндегі жаңа массивтеріне инженерлік-коммуникация жүйелері тартылуда.
Тасарық ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратын қоршау, жылу жүйесінде жөндеу жұмыстары жүргізілді.
🔰 2025 жылы 4 жобаға 142 млн.теңге қарастырылды.
🔹 Атап айтқанда: Ханарық елді мекеніндегі «Балдыберек» өзен арқылы өтетін көпірде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Елді мекенінің ауыз су ұңғымасын ағымдағы жөндеуге қаржы қарастырылды.
Тасарық елді мекені К.Әмірханов және жаңа массив көшелеріне, Ханарық елді мекені С.Рахимов және жаңа массив көшелеріне, Оңтүстік елді мекені Саңлақ және Ақмола көшелеріне электр желісін жүргізу және трансформатор орнату жұмыстарын бастауға қаржы қаралды.
↪️ Кездесуде округ халқы көкейіндегі сұрақтарын қойып, сала мамандары көтерілген проблемалық мәселелердің шешудің жолдары мен мерзімдері түсіндірді. Жиын барысында түнгі жарықтандыруды қосу, жол қауіпсіздігі белгісін орнату, ағын суды жеткізу үшін су қоймасының құрылысын жүргізуді, шлюз қоюды сұранды. Ханарық елді мекеніндегі мектепке қосымша ғимарат тұрғызып, түнгі жарық шамдарын орнатып, Ақсу өзені бойындағы көпірді жөндеуді өтінді. Ауылдағы жұмысы тоқтаған карьер орнын қайта қалпына келтіріп, жол бойына жиналған тасты алып тастап, электр жарығының жиі сөнетініне шағымданды. Ескірген электр желісін ауыстырып, бос жатқан жерлерді жайылымдыққа айналдыру, тұрғын үй құрылысын жүргізуге жер телімдерін бөлуді сұранды. Ханарық елді мекеніндегі С.Рахимов көшесіндегі жолды жөндеуді, Оңтүстік мектебіне қосымша ғимарат тұрғызуды өтінді.
✅ Аудан әкімінің Тасарық ауылдық округ тұрғындармен кездесуі жеке қабылдауға ұласты. Аудан басшысының жеке қабылдауында да тұрғындардың өтініштері тыңдалды. Өтініштер хаттамаға енгізіліп, бақылауға алынды.
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді