
ТАҒАЙЫНДАУ
Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымына Түкібаев Талғатбек Еркінұлы тағайындалды.
Талғатбек Еркінұлы 1991 жылғы 1 маусымда Ырғыз ауданының Калинин ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді.
2012 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Металлургия» мамандығы бойынша, 2021 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2012 жылы «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС-інде жұмысшы болып бастаған.
2014–2017 жылдары Аралтоғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарды.
2018–2025 жылдары Сарат ауылдық округінің әкімі болды.
2025 жылы Әйтеке би ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2025–2026 жылдары Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімі аппаратының қаржы бөлімінде бас маман болып еңбек етті.
Талғатбек Еркінұлы отбасылы, екі бала тәрбиелеп отыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1275541?lang=ru

Жауап қалдыру