1. «Текелі қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық) автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурс өткізілетінін хабарлайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
    1. «Текелі қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық) автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурс өткізілетінін хабарлайды. Конкурс 2026 жылғы 17 қыркүйекте сағат 16:00-де Текелі қаласы, Абылай хан көшесі, №34 мекенжайында, Текелі қаласы әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткізіледі.
    2. Конкурсқа мынадай маршрут қойылады:

    №2 маршрут: «Достық» шағынауданы – «Алатау» шағынауданы ,Ауэзов көшесі – Қонаев көшесі, «Горняцкий» шағынауданы.

    1. Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, автокөлік құралдарын меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде иеленетін жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
    2. Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер конкурс құжаттарының топтамасын алу үшін «Текелі қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жазбаша өтінімді мына мекенжай бойынша ұсынады: Текелі қаласы, Абылай хан көшесі, №34, 4-кабинет.
    3. Конкурс құжаттарының топтамасын алуға өтінімдерді және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2026 жылғы 7 қыркүйек, сағат 18:30-ға дейін.
    4. 2026 жылғы 21 тамызда сағат 15:00-де конкурстық комиссия конкурс өткізу мәселелері бойынша конкурс алдындағы конференция өткізеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/1275732?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді