Өңір басшысы Асхат Шахаров онлайн қабылдау өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Облыс әкіміне онлайн қабылдау барысында 10 өтініш келіп түскен.

Ақтөбеліктер аймақ басшысына жол, тұрғын үй, коммуналдық инфрақұрылым және әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша жүгінді.

Атап айтқанда, қала тұрғыны Қызылжар-3 тұрғын алабындағы Батырлар көшесінің жол жағдайын көтерді. Алға ауданының тұрғыны Болгарка мен Шұбарқұдық бағытындағы жолды жөндеу мәселесі бойынша өтініш білдірген.

Таңшолпан тұрғын алабының тұрғындары электр, газ және сумен қамту мәселелерін көтерсе, бірқатар өтініш тұрғын үй жағдайын жақсарту және баспана кезегін ілгерілетуге қатысты болды.

Онлайн қабылдау барысында жетім баланың оқу ақысын төлеуге көмек көрсету, жұмысқа қайта орналасуға және денсаулық жағдайына байланысты жеңіл жұмысқа ауысуға жәрдемдесу жөнінде де өтініштер айтылды.

Облыс әкімі барлық өтініш қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаралатынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1275837?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді