ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
ШЕШІМ
18 шілде 2026 жыл № 45 Жаңаөзен қаласы
VIII – шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық
мәслихатының қырық төртінші сессиясын шақыру туралы
VIII – шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезекті қырық төртінші сессиясы 2026 жылдың 27 тамыз күні шақырылсын.
VIII – шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезекті қырық төртінші сессиясы 2026 жылдың 27 тамыз күні сағат 11:30-да қала әкімдігінің 229 бөлмесінде басталады.
Сессияның қарауына мына мәселелер ұсынылады:
1. Жаңаөзен қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі мәслихат депутаттары алдындағы есебі;
2. Қала және оған қарасты елді мекендердің күзгі-қысқы маусымға дайындығы бойынша атқарылып жатырған жұмыстар туралы;
3. «2026 – 2028 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджеті туралы» Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 35/310 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 12/103 «Жаңаөзен қалалық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Жаңаөзен қалалық
мәслихатының төрағасы Ғ. Байжанов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mangystau-zhanaozen/press/news/details/1276087?lang=ru

Жауап қалдыру