Марқакөл ауданы мәслихат депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Марқакөл ауданы мәслихатының VIII – шақырылымының кезектен тыс қырық екінші сессиясы 2026 жылдың тамыз айының 25 күні сағат 10.00-де Марқакөл ауылында, аудан әкімдігінің ғимаратында өтеді.

Сессияның күн тәртібі:

  1. «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Марқакөл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 35/2-VІІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Балғын Мәженқызы Байбекова – Марқакөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.

  1. Марқакөл ауданының мәслихатының 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № 33/3-VIII «Марқакөл ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».

Асем Алексейқызы Болысова – Марқакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

  1. Әр түрлі мәселелер.

Тұрақты комиссиялар отырысы сағат 09-00 -да.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-markakol/press/news/details/1276165?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді