
Сарыағаш ауданында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілеріне арналған Шекарашылар күніне орай салтанатты жиын өтті.
Жиынға Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев қатысып, Отан шебін күзетіп жүрген әскери қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.
– Мемлекеттік шекараны қорғау – зор жауапкершілік пен қырағылықты талап ететін абыройлы міндет. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбектеріңізге алғыс білдіремін. Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Шекарамыз берік, еліміз тыныш болсын! Шекарашылар күні құтты болсын! – деді аудан әкімі.
Мерекелік іс-шарада Сарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасының бастығы Асқар Болатов, аудандық полиция басқармасының басшысы Досжан Нұсқабеков және орталық аурухананың бас дәрігері Бекзат Сланов сөз сөйлеп, шекарашыларды мерекемен құттықтады.
Жиын соңында шекара шебіндегі өнерпаздардың концерттік бағдарламасы ұсынылып, әскери қызметшілер мен қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1276201?lang=ru

Жауап қалдыру