Бүгін, Инновациялық-технологиялық колледжінің студенттері, №10 спорт мектебінің жаттықтырушыларына және М.Мәметов атындағы №35 мектептің оқушыларына орталықтың теолог ммандары зайырлы қоғамдағы білім беру жүйесі, Отбасы- ұрпақ тәрбиесі тақырыптары аясында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесуде жат діни ағымдардың қауіпі, діни ақпаратты тек сенімді көздерден алу маңыздылығы айтылып, күмән туындаған жағдайда мамандарға жүгіну қажеттігі ескертілді. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарындағы бірыңғай форма талаптарының заңнамалық негіздері мен оның ортақ тәртіпті сақтаудағы рөлі түсіндірілді.
Әрбір сұраққа кәсіби әрі нақты жауап берілді. Білім – ең үлкен күш, ал дұрыс ақпарат – адаспаудың алғышарты!

Жауап қалдыру