Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті қызметкерлері жазғы нысанды киім үлгісіне ауысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 15 сәуір күні Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде қызметкерлердің жазғы нысанды киім үлгісіне ауысуына байланысты саптық тексеріс өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – қызметтік тәртіпті сақтау, нысанды киім үлгісінің талапқа сай болуын қамтамасыз ету және қызметкерлердің сыртқы келбетіне қойылатын талаптардың орындалуын қадағалау болды.
Саптық байқау барысында әр қызметкердің киімінің ұқыптылығы, қызметтік белгілердің және айырым белгілерінің талапқа сәйкестігіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, тәртіп пен ішкі қызметтік тәртіпті сақтау мәселелері де көтерілді.

– Қызметкерлер жазғы нысанды киімге белгіленген мерзімде ауысып, тиісті талаптарға сай келеді, – деді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінің бастығы әділет подполковнигі Сабржан Бибитович Нуртазин.


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді