ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹Ордабасы ауданында жастарды жұмыспен қамту, жас мамандарға еңбек тәжірибесін қалыптастыру және тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

🔹Аудан әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Жастар практикасы» бағдарламасы – оқу орнын жаңа тәмамдаған жастардың өз мамандығы бойынша тәжірибе жинақтап, еңбек нарығына бейімделуіне мүмкіндік беретін тиімді тетіктердің бірі.

🔹Жыл басынан бері 7 ай ішінде аудан бойынша 300-ге жуық жас маман жастар практикасына жолданып, жұмысқа орналастырылды.

🔹Бағдарлама аясында жастар өз мамандығы бойынша еңбек етіп, кәсіби дағдыларын жетілдіруде. Сонымен қатар жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатып, тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алуда.

🔹Жастарды жұмыспен қамту – аудан әкімдігінің әлеуметтік саясаттағы басым бағыттарының бірі. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1276236?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді