
Медициналық-әлеуметтік сараптамаға (бұдан әрі – МӘС) азаматтарды жолдау кезінде кездесетін кемшіліктердің алдын алу, жолдамаларды сапалы әрі негізді рәсімдеуді қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған алғашқы МӘС бөлімінде кезекті көзбе-көз куәландыру отырысына 17 тамызда Казталов ауданды0 ауруханасының дәрігерлік-консультативтік комиссиясының төрайымы А.Кадырова, ал 18 тамызда Бәйтерек аудандық ауруханасының дәрігерлік-консультативтік комиссия төрайымы С.Васенко мен жалпы тәжірибе дәрігері Ж.Арстанов қатысты.
Оқыту барысында медициналық ұйым мамандарына МӘС жүргізу тәртібі түсіндіріліп, азаматтарды сараптамаға жолдау кезінде жиі орын алатын қателіктер мен негізсіз жолдамалардың негізгі себептері талқыланды. Сонымен қатар, жолдамаларды толтыру барысында сақталуы тиіс талаптарға және медициналық құжаттарды дұрыс әрі толық рәсімдеуге ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zko/press/news/details/1276303?lang=ru

Жауап қалдыру