Қазақстан Республикасының «Салық салу мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 18 шілдедегі № 215-VIII ЗРК
Заңына сәйкес, Тауарлардың ұлттық каталогында (ТҰК) барлық тауарларды
тіркеу жүзеге асырылуы тиіс.
ТҰК тауарлар номенклатурасының біріңғай көзі болып табылады және
сауда қызметіндегі негізгі анықтамалық ретінде қолданылады. Осыған
байланысты ТҰК-ті жүргізу тәртібі, сондай-ақ тауарларды тіркеу
процедурасы өзгертілді, ал мәтін жаңа терминдермен толықтырылды.
Бұйрық жобасының негізгі мақсаты — тауарлар карточкаларын
қалыптастыру және жүргізу тәртібін нақтылау, тіркеудің жекелеген
процедураларын регламенттеу, сондай-ақ техникалық сипаттағы өзгерістер
енгізу арқылы Тауарлардың ұлттық каталогының жұмыс істеу механизмін
жетілдіру. Осы жобаны қабылдау тауарлар туралы мәліметтердің сенімділігін
арттыруға және Қағидалардың бірізді қолданылуын қамтамасыз етуге
бағытталған.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің
«Тауарлардың ұлттық каталогын жүргізу, сондай-ақ онда тауарларды тіркеу
қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 31 шілдедегі № 232-НҚ бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасы ашық
нормативтік құқықтық актілер порталына орналастырылды. Осы жобаны
қоғамдық талқылау 2026 жылдың 19/08 бастап 2026 жылдың 04/09
дейінгі кезеңде өтеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1276836?lang=ru

Жауап қалдыру