
Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның 2026 жылғы 25 мамырдағы №3 хаттамасымен берілген тапсырмаға сәйкес, Темір қаласы әкімдігі тарапынан балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қауіп-қатердің алдын алу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында төтенше жағдайлар, полиция, білім беру және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен балалар қауіпсіздігіне қатысты нысандарға зерделеу және рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Жүргізілген жұмыстар барысында балалар ойын алаңдарының жағдайы және электр трансформаторлық нысандардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексерілді. Темір қаласы бойынша: 2 балалар ойын алаңы бар, жағдайы қанағаттанарлық; электр трансформаторларының саны – 3 дана. Барлық электр трансформаторларының қоршаулары бар, қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді. Балалардың қауіпсіз ортасын қалыптастыру және жазғы кезеңдегі қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатындағы профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-temir-temir/press/news/details/1276870?lang=ru

Жауап қалдыру