Абай облысында 12 жанармай құю бекеті ашылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласын аралау барысында бірқатар өндірістік нысандарда болып, қазіргі жұмысы және алдағы даму жоспарларымен танысты.

Аймақ басшысы әуелі «GAS&МҰНАЙ» ЖШС-нің «LUKOIL» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырған жобасын көрді. Жоба аясында былтыр Семейде автожанармай құю станциясы ашылған.
Бүгінде халықаралық стандарттарға сай автожанармай құю желісі дамып келеді.

2020 жылы құрылған «GAS&МҰНАЙ» кәсіпорны жанар-жағармай материалдарын көтерме және бөлшек саудада өткізеді. Мекемеде 236 адам жұмыс істейді. Жалпы инвестиция көлемі 1,75 млрд теңгені құрайды. Қазіргі таңда компанияның Семей қаласында 4, Аягөз қаласында және Қарауыл ауылында бір-бірден автожанармай құю станциясы жұмыс істейді.

Облыс орталығында 2026-2027 жылдары қолданыстағы автожанармай құю станцияларын жаңғыртып, ребрендинг жүргізу арқылы жаңа форматтағы 12 станция ашу жоспарланған. Сонымен қатар, кәсіпорын Sinooil компаниясымен бірлесіп, автожанармай құю станциялары желісін дамытуда. Қазіргі таңда Семейде бір станция жұмыс істейді, алдағы уақытта тағы екі нысан ашу көзделген.

Жоба аясында Абай облысының жеті ауданында жол бойындағы заманауи сервистік нысандар, оның ішінде автожанармай құю станцияларын салу жоспарланған. Осы мақсатта 10 жер учаскесі бөлініп, жоба облыстың Өңірлік инвестициялық пулына енгізілді.

Облыс әкімі жоспарланған жобаларды сапалы іске асырып, нысандарды белгіленген мерзімде пайдалануға берудің маңызын атап өтті.

«Жанармай құю бекеттері –
халыққа өте қажетті нысандардың бірі. Заман талабына сай жаңартылған станцияларға сұраныс бар. Бүгінде облысымыздың бірқатар аудандарында осындай бекеттер жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта басқа аудандарда да жаңа нысандар салу жоспарланып отырғанын білеміз. Біз бұл бастаманы толық қолдаймыз. Ең бастысы, жанармайды сату бойынша республика бойынша белгіленген бағаны сақтау маңызды. Халыққа сапалы қызмет көрсетіп, жанармай құю станцияларының айналасын абаттандыруға және тазалық жұмыстарын жүргізуге ерекше мән беріңіздер», – деді Берік Уәли.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1276900?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді