Сарыағаш ауданына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» арнайы келіп, Сарыағаш ауданына қарасты Дербісек, Жемісті және Жібек жолы ауылдық округтерінде көшпелі қабылдау өткізді.
Заң мен тәртіпті насихаттау шеңберінде ұйымдастырылған науқанда 100-ге жуық ауыл тұрғындарына аудан әкімі аппаратының басшысы, “Amanat” партиясы Сарыағаш аудандық филиалының төрағасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің аға тергеушісі, мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган өкілдері, адвокаттар мен сот орындаушылар және антикор еріктілер құқықтық кеңестер берілді.
Жеке қабылдауға келген тұрғындар біржолғы көмек көрсету, ауыз суды ретке келтіру, үлкен тас жол бойына қауіпсіздік белгілерін және камера орнату, сондай-ақ, жаяу жүргіншілерге арналған жол салу, борышкерлерден алимент өндіру, қарызы бар несиесіне қолайлы кесте жасау, тұрғын үй мәселелеріне қатысты өтініштерімен жүгінді.
Сонымен бірге, аудандағы медидциналық нысандарға қоғамдық бақылау жүргізілді. Қоғамдық бақылау барысында анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру жөнінде тапсырмалар берілді.
Айта кетсек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелері облыс аумағындағы елді-мекендер мен ауыл тұрғындарына тегін кәсіби – құқықтық көмек көрсетуді және әлеуметтік нысандарға қоғамдық бақылады тұрақты түрде жүргізетін болады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/978671?lang=kk

Жауап қалдыру