Облыс көлемінде ғылым күні аталып өтіп жатқанда «Қазақ тілі – ғылым мен білім тілі» жобасы аясындағы кезекті дәріс өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2025 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасының ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы тілдік дайындық кафедрасының бастығы, з.ғ.к. Елеужан Елемесұлы Серімов кәсіби даярлық факультетінің 1-курс курсанттарына “Ғылыми мәтін, ғылым тілінің түсінігі” тақырыбында дәріс өткізді.
🔍Дәріс барысында ғылым туралы жалпы мағлұмат беріліп, ғылыми тілдің өзіндік ерекшеліктері, ғылыми стильдің басқа стильдерден айырмашылығы айтылып, ғылыми әдебиеттерден мысалдар келтірілді. Курсанттар дәрісті қызыға тыңдап, өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.
🔹Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тарапынан нағыз тіл жанашыры, облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы – Елеужан Елемесұлының еңбегіне жеміс тілеп, алғыс білдіреміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/974489?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді