Жаңғырту мәселелері бойынша кеңес

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС-де құрылыс компаниялары өкілдерінің қатысуымен жаңғырту мәселелері бойынша кеңес өтті. Кездесуде Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Аян Смағұлов пен Басқарма мамандары, «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ төрағасының орынбасары Исламбек Қайырбеков және Астана қаласы аппараты басшысының орынбасары Жомарт Айтқазы қатысты.

«ҚТК» АҚ заңды тұлғалармен жұмыс департаментінің директоры Әйгерім Құрманбаева компания ұсынатын қызметтер туралы айтып берді. «ҚТК» АҚ өкілдерінің айтуынша, аталмыш бағдарламаның басты мақсаты – жаңғырту жобаларын тиімді жүзеге асыру үшін кешенді жағдай жасау, жеке инвестицияларды тарту және азаматтар үшін қолайлы қалалық ортаны дамыту.

Жаңғырту жобалары бойынша кепілдік алу үшін қойылған талаптардың бірі – құрылыс компаниясының құрылыс саласында кемінде екі жылдық тәжірибесінің болуы.

Кеңес соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, компания және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен тұшымды жауаптар алды.  

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saulet/press/news/details/1277348?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді