«Қызметтік әдеп – мемлекеттік қызметтің маңызды қағидаты»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Е. Турсын қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуына байланысты заңнамада белгіленген талаптар мен шектеулер мәселелері қаралды.

Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, қызметтік тәртіпті сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу, сондай-ақ лауазымдық міндеттерін жауапкершілікпен және адал орындау қажеттілігі түсіндірілді.

Сонымен қатар, лудомания мәселесіне және мемлекеттік қызметшілер арасында ойынға тәуелділіктің алдын алуға ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушыларға құмар ойындарға әуестенудің ықтимал кері салдары, сондай-ақ заңнамада белгіленген шектеулерді сақтау қажеттілігі түсіндірілді.

Бұдан бөлек, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу тәртібі түсіндірілді. Өтініштерді қарау мерзімдері мен тәртібін сақтау, азаматтарға объективті, әдепті және сыпайы қарым-қатынас жасау, сондай-ақ өтініштерді қарау кезінде формальды көзқарасқа жол бермеу қажеттігі атап өтілді.

Кездесу соңында мемлекеттік қызметшілерге заңнама талаптары мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша жеке жауапкершілігі, сондай-ақ кәсіби мәдениеттің жоғары деңгейін қалыптастыру және азаматтардың мемлекеттік аппаратқа деген сенімін арттыру қажеттілігі ескертілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1277370?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді