Ақтөбеде сотталғандардың бас бостандығынан айыру орындарында білім алу құқықтарын сақтау мәселесі қаралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сәуір айының басында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті жанында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтің, облыстық прокурордың бірінші орынбасары Талғат Әлібаевтың, облыстық Білім басшысының орынбасары Дина Жаманбаеваның және Руслан Уразбаев басқаратын ҚАЖ департаменті басшылығының қатысуымен сотталғандардың бас бостандығынан айыру орындарында білім алу құқықтарын сақтау мәселелерін қарауға бағытталған жұмыс кеңесі өткізілді.
«Білім туралы» Заңның 3-бабына сәйкес, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарының бірі – сапалы білім алуға баршаның құқықтарының теңдігі, оның халықтың барлық деңгейлері үшін қолжетімділігі.
Естеріңізге сала кетейік, облыстағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде білім беруге арналған 110 орындық 1 жалпы білім беретін кешкі мектеп жұмыс істейді, онда бүгінде 50-ден астам сотталған 10 және 11 сыныптарда білім алуда.
Сондай-ақ жиһаз өндірісі, газ-электр дәнекерлеуші, киім өндірісі сияқты 3 мамандықты оқытатын 1 көпсалалы колледж жұмыс атқаруда.
Жалпы жиында білім беру бағдарламаларын оңтайландыру және сотталғандардың білім алу құқықтарын жүзеге асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдау мәселелері талқыланды.
Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандардың жалпы орта, орта арнаулы білім алуы олардың босатылғаннан кейін табысты қайта әлеуметтенуіне және қоғамға толыққанды тұлға ретінде оралуына тікелей байланысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaktobe/press/news/details/973692?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді