
📌 ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР-КЕҢЕС
🇰🇿 ҚР ІІМ нұсқаулығына сәйкес, ҚР ҚАЖ комитетінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары және Шымкент қаласы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының қатысуымен Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлеріне профилактикалық семинар-кеңес өткізілді.
👥 Семинарға Департамент басшылығы, мекеме басшылары мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ пробация қызметкерлері қатысты.
🔹Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, жеке құрам арасында заңдылық пен қызметтік тәртіпті сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.
🔹Сонымен қатар, қызметтік міндеттерді адал атқару, заң талаптарын қатаң сақтау және құқық бұзушылықтарға жол бермеу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
🔹Семинар қорытындысы бойынша жеке құрамға заң талаптарын мүлтіксіз сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында тиісті түсіндірмелер берілді.
🤝 Заңдылық пен тәртіп — қауіпсіз әрі тиімді қызметтің негізі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisshymkent/press/news/details/1277434?lang=ru

Жауап қалдыру