СҚО-да жүктемесі жоғары жолда қауіпті көлік жүргізу фактісінің жолы кесілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер «Астана – Петропавл» автожолында қауіпті маневр жасаған жүргізушіні анықтады.

Жол жамылғысы жөнделіп жатқан учаскеде көлік қозғалысы бір жолақпен екі бағытта кезекпен ұйымдастырылған. Осыған байланысты бұл жерде көлік ағынының тығыздығы жоғары.

Осындай жағдайда «ВАЗ-2107» автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі бірнеше рет басып озуға әрекет жасап, қарсы бағыттағы көліктердің қозғалыс бағыты мен жылдамдығын күрт өзгертуіне мәжбүр еткен.

Құқық бұзушылықты облыстың шалғай ауданынан іссапардан қайтып келе жатқан полиция департаменті аппаратының қызметкерлері тіркеген. Бұл туралы СҚО ПД анықтау басқармасының полиция подполковнигі Раушан Бакеева хабарлады. Оның айтуынша, ақпарат дереу осы учаскеде қызмет атқарып жүрген патрульдік полиция батальонының экипажына берілген.

Тәртіп сақшылары жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты. Апаттық жағдай туғызғаны үшін 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Ал құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанған жағдайда көлік басқару құқығынан 6 ай мерзімге айыру жазасы қолданылады.

Жыл басынан бері СҚО жолдарында 287 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 25 адам қаза тауып, 414 адам жарақат алған. Оның ішінде республикалық маңызы бар автожолдарда 48 жол-көлік оқиғасы орын алып, 19 адам қаза тауып, 85 адам жарақаттанған.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерінің талаптарын қатаң сақтап, қозғалысқа қатысушыларға қауіп төндірмеуге шақырады. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету — «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асырудың негізгі бағыттарының бірі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1277644?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді