Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияға барды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияға барып, мекеменің 85-ші мерейтойлық маусымына дайындық барысымен, жаңартылған музыкалық аспаптар қорымен және шығармашылық ұжымдардың жұмыс жағдайларымен танысты

Жаңа маусым қарсаңында филармонияға Германия, Франция, Жапония, АҚШ және Ресейдің жетекші өндірушілерінен 55 жаңа музыкалық аспап сатып алынды. Сонымен қатар дәстүрлі қазақ музыкалық аспаптары – домбыра, қылқобыз, жетіген, керней, сыбызғы және басқа да аспаптар алынды.

Ұлттық ішекті аспаптарды шебер Ұлар Қожайұлы жасады. Жұмысқа кіріспес бұрын ол Баянауылдың тумасы, белгілі шебер Қамар Қасымовтың мұрасын зерттеген.

– Филармонияның 85 жылдығы – өңірдің мәдени өміріндегі маңызды дата. Шығармашылық ұжымдарды қолдау, материалдық-техникалық базаны жаңарту және әртістердің кәсіби тұрғыдан өсуіне жағдай жасау басты басымдықтарымыздың қатарында қалуы тиіс, – деді Асайын Байханов.

Жаңа аспаптар филармонияның жетекші шығармашылық ұжымдарына – Рүстембек Омаров атындағы оркестрге, симфониялық және джаз оркестрлеріне, сондай-ақ «ЛАД» ансамбліне бөлінді.

Материалдық-техникалық базаны жаңарту облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жүргізілуде. Өткен жылдың соңында Асайын Байханов филармонияға барып, ұжыммен мекемені одан әрі дамыту мәселелерін талқылаған болатын.

Бұған дейін филармония үшін жаңа автобус сатып алынған болатын. Бұл шығармашылық ұжымдардың гастрольдік сапарларға кедергісіз шығуына мүмкіндік берді. Сахналық жабдықтарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда және ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізуге қажетті жобалық құжаттама әзірленді. Жөндеу жұмыстарын 2027 жылы бастау жоспарланып отыр.

Мерейтойлық маусым Павлодар облысындағы басты мәдени ошақтардың бірінің дамуындағы жаңа кезеңге айналмақ.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/1277639?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді