
Жапон саябағында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастарға құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Шымкент қаласы бойынша өкілінің маманы, Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры және қала жастары қатысты.
Кездесу барысында жастарға заң талаптарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу, құқық бұзушылықтардың, оның ішінде есірткі қылмысының алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру және қауіпсіз, құқықтық қоғам құруға жастардың белсенді қатысуына ықпал ету.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1277677?lang=ru

Жауап қалдыру