Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласында орналасқан «Қабланбек» кеден бекеті маңындағы кептелістерді азайту, ретке келтіру, келушілерге қолайлы жағдай жасау, жол қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында жол белгілерін орнату жұмыстарының барысын бақылады. Сала басшыларына жұмыстарға сапалы материалды пайдалануды, орнатылған бейнебақылауларды тұрақты түрде қадағалауды тапсырды.
Келесі кезекте, Сарыағаш қаласына қарасты көшелердің жарық шамдарын ауыстыру жұмыстарының жай-күйімен танысты. Сарыағаш қаласының әкімі А. Ешанқұлға тиісті тапсырмалар беріп, жіті бақылауында екенін атап өтті.
Қазіргі таңда, Сарыағаш қаласына қарасты 11 көшенің жарық шамдарын ауыстыру, жаңарту жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлініп, жүргізілуде. Ауданға арнайы алынған техниканың көмегімен, оған қоса «Таза қала» мекемесінің 4 жұмысшы жұмыс атқаруда.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/972273?lang=kk

Жауап қалдыру