САРЫАҒАШ: АУДАНДА ШЕГІРТКЕ ЗИЯНКЕСІМЕН КҮРЕС ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Аудан әкімі Арман Абдуллаев штаб мүшелерімен бірге Жылға ауылдық округіне арнайы барып, шегірткенің марокколық түрімен күрес жұмыстарының барысын пысықтады.
Зиянкестерді химиялық өңдеу жұмыстары Ақжар, Әлімтау, Дарбаза, Дербісек, Жылға, Жібек жолы, Тегісшіл, Қызылжар ауылдық округтерінің аумағында жалпы 81,3 мың гектарда жүргізіледі деп көзделген. Өңдеу жұмыстары аудан басшының, сондай-ақ арнайы құрылған аудандық штабтың бақылауында.
 
Қазіргі ахуалға алаңдаған аудан басшысы жауаптыларға жұмысты ширатуды, жауапкершілігін арттыруды ескертті.
 
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/970640?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді