ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «АЛТЫН БЕЛГІ» ЖӘНЕ «ҮЗДІК» АТТЕСТАТ ҮМІТКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰЖАТТАРЫ ҚАРАЛУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Шымкент қаласы білім басқармасы «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына сәйкес, Шымкент қаласындағы жалпы білім беру ұйымдарында білім алушылар арасынан «Алтын белгі» белгісіне және «Үздік» аттестатқа (9, 11 сынып) үміткерлердің құжаттары жинақталғанын назарларыңызға жеткізеді.

Жинақталған құжаттарды қарау үшін Шымкент қаласы білім басқармасы жанынан 2025 жылғы 14 наурыздағы №155/1 бұйрығымен комиссия құрамы бекітілген.

Осы комиссия құрамы Айбек атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінің (Диваев көшесі, 46 үй) базасында құжаттарды қарау жұмыстарын жүргізуде.

Қазіргі таңда 686 «Алтын белгі» белгісіне үміткердің құжаттары қаралуда.

https://www.facebook.com/share/r/14jGgnNv7r/ 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/970164?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді