
2026 жылы 19 тамызында Атырау бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандары «АТМА-Атырау әуежайы және тасымалдау» АҚ-ның қызметкерлерінің арасында Қызметкерлердің психологиялық денсаулығы күйзеліс пен эмоциональдық сарқылудың алдын алу, туберкулездің және құтырманың алдын алу тақырыбында семинар өткізді. Семинар мақсаты: қатысушыларға психологиялық денсаулық күйзелісті ықтималдылығын болдырмау, алдын алудың маңызы мен жұқпалы аурулардың алдын алу жөнінде түсінік беру. Семинар писхологиялық денсаулықты нығайтуда физикалық белсенділік пен күйзелісті болдырмау үшін сүйікті хоббилармен айналысу, сонымен қатар туберкулездің, құтырма ауруларының алдын алуы талқыланды. Семинарға қатысушыларға күнделікті өмірде психихологиялық денсаулықты қалыптастыру мен жұқпалы аурулардың алдын алуда кеңестер ұсынылды. Семинар барысында қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді және өзекті тақырыптар бойынша буклеттер мен жадынамалар таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1277861?lang=ru

Жауап қалдыру