
13-17 тамыз аралығында Тайынша ауданындағы Озерное ауылының Ұлттық қасиетті орнында, Бейбітшілік Патшайымы приходының аумағында XXVII Католик жастарының мерекесі өтті.
Іс-шара Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген 200-ден астам жастың басын қосты. Сонымен қатар, Қырғызстан, Польша, Ресей, Словения және Өзбекстаннан келген қонақтар да қатысты.
Мерекелік іс-шараларға Астанадағы Пресвятая Дева Мария Архиепархиясының архиепископ-митрополиті Томаш Пэта, дін қызметкерлері мен басқа да шақырылған қонақтар қатысты. Қатысушылар қатарында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Дін істері басқармасына қарасты Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының теологы Е. Березина да болды.
Биыл ұйымдастырушылар дәстүрлі бағдарламаға христиандық дәстүрлермен танысудың жаңа форматын қосты. Жастар грек-католиктер қолданатын және православиедегі негізгі ғибадат ету дәстүрі болып табылатын византиялық ғибадат рәсімі туралы көбірек білуге мүмкіндік алды. Архиепископ Томаш Пэтаның айтуынша, әртүрлі христиандық дәстүрлермен танысу жастарға еліміздің рухани және мәдени сан алуандығын жақсырақ түсінуге көмектеседі.
Бағдарламаның ерекше бөлігін сенім, рухани қызметке шақырылу және христиандық тарихы мәселелеріне арналған тақырыптық форумдар құрады. Қатысушылар семинариядағы өмір туралы көбірек біліп, сондай-ақ Қасиетті жерге виртуалды саяхат жасай алды.
Жеке кездесу Ассизилік әулие Францискке арналды. 2026 жылы оның қайтыс болғанына 800 жыл толады. Қатысушылар әулиенің өмірімен, оның рухани мұрасымен және тұлғасының христиандық дәстүрдегі маңызымен кеңірек таныса алды.
XXVII Католик жастарының мерекесі рухани іс-шара ғана емес, сонымен қатар қарым-қатынас орнатуға, әртүрлі христиандық дәстүрлермен танысуға және өз сенім жолын пайымдауға мүмкіндік беретін орта болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-udr/press/news/details/1277881?lang=kk

Жауап қалдыру