01.04.2025ж Абай облысы білім басқармасы «Аягөз ауданы білім бөлімі» ММ оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес 2024-2029 жылдарға арналған жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект (АІ) технологияларын интеграциялау және облыстық «Мерейлі ұстаз» жобасының бастамаларын қолдау мақсатында мұғалімдер арасында қашықтықтан облыстық «Мен және АІ» байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқау педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыруды, сондай-ақ бейімделген дидактикалық материалдарды, қысқа мерзімді жоспарларды, автоматтандырылған бағалау жүйелерін, интерактивті және жаттығу тапсырмаларын әзірлеу мен қолдауды көздейді.
Сондай-ақ, байқау цифрландыру жағдайында білім беру жүйесінің сапасын арттыруға және оның қолжетімділігін қамтамассыз етуге ықпал ете отырып, облыстық «Мерейлі ұстаз» жобасының бастамаларын қолдайды.
Байқаудың міндеттері:
- Жасанды интелект технологияларын білім беру үрдісіне енгізу.
- Жеке ерекшеліктерге негізделген инновациялық оқу материалдарын әзірлеу.
- Мұғалімдердің заманауи цифрлық құралдарды қолдану дағдыларын дамыту.
- Білімді автоматтандырылған түрде бағалау және кері байланыс жүйесін жетілдіру.
Байқаудың облыстық кезеңіне Негізгі және орта білім беру: жас ерекшеліктерін ескере отырып, интерактивті сабақтар бөлімі бойынша «№1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сінің информатика мұғалімі Абикарова Айнаш Курмангазиновна және «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» КММ-сінің тарих пәнінің мұғалімі Саманбетова Жанар Айболовна , Бастауыш білім беру: негізгі пәндер бойынша жоспарлар бөлімі бойынша «№3 жалпы орта білім беретін аралас мектебі» КММ-сінің бастауыш сынып мұғалімі Сулейменова Назым Амантаевна жіберілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/969861?lang=kk

Жауап қалдыру