31 наурыз күні аудандық мәслихат депутаты С.Сертековтың төрағалығымен бюджет, экономика, ауылшаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудандық мәслихат төрағасы Қ.Каменов, аудан әкімінің орынбасары Р.Ғұмар қатысты. Күн тәртібіндегі алғашқы екі мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Семенов Жаңақала аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №24-1 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы және Жаңақала ауданының 2025 жылға бюджеттік кредит беру және бір жолғы көтерме жәрдемақы беру туралы баяндамасын жасады.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Жаңақала аудандық мәслихатының «Жаңақала аудананың әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 5 қазандағы №10-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Д. Жарасов хабарлады. Сонымен қатар, күн тәртібіндегі келесі мәселелері бойынша аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ж.Бақтыгереев, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының м.у.а Н.Тілекқабылов және аудандық электр торабының басшысы С.Габдуллин 2024 жылы атқарылған жұмыстары туралы есептерін комиссия отырысында баяндады.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша оң шешімін тауып, аудандық мәслихат депутаттары баяндамашыларға сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдіріп, өз пікірін ортаға салды. Алғашқы үш мәселе аудандық мәслихаттың сессия отырысының қарауына ұсынылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhangala-maslihat/press/news/details/969798?lang=kk

Жауап қалдыру