
Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Жастар білім алуға, еңбек етуге, денсаулығын сақтауға, пікірін еркін білдіруге, қоғамдық өмірге қатысуға және заңмен қорғалуға құқылы. Сонымен қатар, әр азамат заң талаптарын сақтауға, өзгенің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге және қоғамдық тәртіпті нығайтуға міндетті.
Құқықтық сауаттылық – әрбір азаматтың өз құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғауына, заң талаптарын сақтап, қоғамдық өмірге белсенді әрі жауапкершілікпен қатысуына ықпал ететін маңызды фактор. Өз құқықтары мен міндеттерін білетін жас буын – құқықтық мемлекет пен әділетті қоғамның берік негізі.
Құқықтық сауаттылықты арттыру – құқықтық сананы қалыптастырудың, заңға құрметті күшейтудің және құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді жолдарының бірі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1277998?lang=ru

Жауап қалдыру