САРЫАҒАШ: АЙТЫЛДЫ- ОРЫНДАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан облысы әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес Жарты төбе ауылдық округі аумағында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтарды тастауға арналған полигон аумағын ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.

 

Осы орайда, аудан әкімі Арман Абдуллаев аталған аумаққа арнайы барып Жарты төбе және Көктерек ауылдық округ әкімдеріне полигон аумағын ретке келтіру жұмыстарын тұрақты жүргізілуін қадағалауды, жұмысты жүйелендіруді тапсырды. Оған қоса, ауданға арнайы алынған техникалардың көмегімен  жұмыс атқаруды жүктеді.

 

Қатты тұрмыстық қалдықтарды тастауға арналған полигонның аумағы-3 га.  Аталған аумақты ретке келтіру жұмыстарына 25 жұмысшы, 2 арнайы техника жұмылдырылған.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/969373?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді