Еңбек заңнамасындағы өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылғы 20 тамызда мемлекеттік еңбек инспекторы Г.Рыскалиева облыстық және қалалық білім саласы кәсіподақ ұйымдарының мүшелерімен өткен кездесуге қатысты.

Кездесу барысында мемлекеттік еңбек инспекторы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер, білім беру саласында жиі кездесетін еңбек заңнамасын бұзушылықтар және олардың алдын алу шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, әлеуметтік әріптестік аясында қызметкерлерге берілетін кепілдіктер мен еңбек құқықтарын сақтау мәселелеріне тоқталды.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға мемлекеттік еңбек инспекторы тарапынан толық жауаптар берілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-enbek/press/news/details/1277929?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді