Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің маманы Н. Мырзабай Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Тең Қоғам» әлеуметтік қолдау орталығына барды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 13 тамыз күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің маманы Н. Мырзабай Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Тең Қоғам» әлеуметтік қолдау орталығына барды.

Кездесу барысында азаматтарға құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, әлеуметтік және құқықтық мәселелер бойынша заңнамада көзделген мүмкіндіктерді пайдалану жөнінде құқықтық кеңестер берілді. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, өз құқықтарын білуіне және заңды жолмен қорғау тетіктерін түсінуіне басымдық берілді.

Сонымен қатар, азаматтардың жеке мәселелері тыңдалып, оларды шешу жолдары бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде тиісті түсініктемелер берілді. Құқықтары бұзылған жағдайда қайда және қандай тәртіппен жүгінуге болатыны жөнінде ақпарат ұсынылды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық сауаттылығын арттыру және заңды мүдделерін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1278011?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді