Каникулдық әдістемелік алаңдар аясында жас педагогтерге (бастауыш сынып мұғалімдеріне) арналған семинар-практикум өткізілді. Іс-шараны бастауыш сынып мұғалімдерінің қалалық әдістемелік бірлестігінің қолдауымен білім бөлімінің әдіскері Г.Молдаханова ұйымдастырды. Семинар барысында қатысушылар И.Борисова, О.Москаленко және Н.Кабанованың шеберлік сыныптарына белсене қатысты.
Борисова И.А. – «Семей қаласының №6 гимназиясы» КММ бастауыш сынып мұғалімі қатысушылармен сауатты математикалық сөйлеуді қалыптастыру бойынша материалдарды қарастырып, жас педагогтерде түсінік танымын қалыптастыруға бағытталған практикалық сабақ өткізді.
Москаленко О.Е. (Қ.Сәтпаев атындағы №2 ЖОББМ) оқушыларға есептерді шешуге көмектесетін практикалық материалдарды ұсынды. Жас әріптестер тапсырманың шарттарын жазу, шешімнің барысын құрастыру және тапсырманы дәптерге рәсімдеу бойынша жұмыстың ұйымдастырылған белсенді әдістеріне қатысты.
Қабанова Н.Н. (Қ.Сәтпаев атындағы № 2 ЖОББМ) жас әріптестерін Lesson study педагогикалық тәсілімен таныстырып, жас маманның жұмысын ұйымдастыру үшін оның жағымды жақтарын түсіндірді. Ол нақты педагогикалық міндеттерді шешу, педагогикалық идеяларды тарату, тәжірибе алмасу үшін Lesson study мүмкіндіктерін ұсынды.
Аталмыш әдістемелік алаң қатысушылардың оң пікірлеріне ие болды және білім мен практикалық дағдылардың құнды көзі, педагогикалық жолын енді ғана бастағандар үшін нағыз шабыт болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/967432?lang=kk

Жауап қалдыру