«География пәнін оқытудың заманауи әдістері: инновациялар, цифрлық технологиялар және олимпиадаға дайындық»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

    31.03.2025жылы Аягөз ауданы білім бөлімінің оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес “Мерейлі ұстаз” жобасы аясында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында “Ғылымнан ілім” және “Шеберден олжа” бағыттары бойынша география пәні мұғалімдеріне арналған «География пәнін оқытудың заманауи әдістері: инновациялар, цифрлық технологиялар және олимпиадаға дайындық» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Мақсаты: Біліктілігі жоғары педагогтердің іс-тәжірибесімен бөлісе отырып, білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру мақсатында оқу бағдарламасындағы күрделі тақырыптарды меңгертудің ұтымды жолдарын көрсету.
Семинарға аудан бойынша 42 география пәні мұғалімдері қатысты.

     География секциясы бойынша
1. «Салыстырмалы елтану. Дүниежүзі елдерінің рейтингісі мен индекстерінің сипаттамасы» тақырыбында Турусбекова Назгуль Ныгметжановна, «С.Сейфуллин атындағы ЖОББМ» КММ,
2. «Салыстырмалы елтану» тақырыбында Баисова Айман Калеловна,
«Ж.Жабаев атындағы ЖОББМ» КММ,
«География және жаратылыстану пәндерінде халықтық педагогиканы қосымша материал ретінде пайдаланудың негіздері» тақырыбында Буланова Гульнара Тусупбековна, «Дулат Бабатайұлы атындағы ЖОББМ» КММ шебер сыныптар көрсетті.
Семинар аяғында әдіскер М.Т.Коккозова III тоқсан қорытындысына тоқталып,сапа бойынша талдау жүргізді, 9,11 сыныптар бойынша қорытынды емтиханға дайындық және мұғалімдердің аттестациясы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Аягөз
#АПҚО_Абай_облысы_Аягөз

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/967209?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді