
2026 жылғы 21 тамызда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің өкілі Бейсенбаева Ф.А. Департамент қызметкерлеріне зейнетақы және мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібі бойынша семинар өткізді.
🔹 Семинар барысында:
* зейнетақы және мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібі;
* әлеуметтік саладағы заңнамаға енгізілген өзгерістер;
* мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру;
* қызмет көрсету мерзімдерін сақтау;
* сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын орындау мәселелері талқыланды.
Семинар қорытындысында мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде заңнама талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ орталықтандырылған деректер базасы мен «Е-Макет» ақпараттық жүйесіндегі бақылау есептерін тұрақты назарда ұстау қажеттігі атап өтілді.
🤝 Сапалы мемлекеттік қызмет – азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың маңызды кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-ulytau/press/news/details/1278062?lang=ru

Жауап қалдыру