Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтуді цифрландыру: «CarGoRuqsat» электрондық кезек жүйесі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанның автомобиль өткізу пункттерінде жүк автокөлік құралдарының мемлекеттік шекараны кесіп өту күні мен уақытын алдын ала брондауға мүмкіндік беретін CarGoRuqsat электрондық кезек жүйесі жұмыс істейді.

Жүйе пилоттық режимде 2022 жылғы қарашада іске қосылды. Жүйені әзірлеуші – ҚР Қаржы министрлігінің «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ.

🔹 Жүйенің негізгі мүмкіндіктері:

  • өткізу пунктін, күнін және уақытын алдын ала таңдау;
  • жүргізуші мен көлік құралы туралы мәліметтерді енгізу;
  • өткізу пункттерінің алдында жүк көліктерінің жиналуын азайту;
  • адами фактордың әсерін төмендету;
  • мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы бақылау рәсімдерінің бір бөлігін автоматтандыру.

🔹 Электрондық кезекті қалай пайдалануға болады?

Тасымалдаушы QOLDAU ресми порталы арқылы жүйеге тіркеліп (cgr.qoldau.kz/ru/start сілтемесі бойынша), қажетті автомобиль өткізу пунктін және қолжетімді уақытты таңдауы қажет.

Көлік құралының өткізу пунктіне немесе күту аймағына келу қажеттілігі туралы ақпарат брондалған күн мен уақытқа дейін кемінде 24 сағат бұрын пайдаланушының жеке кабинетінде көрсетіледі. Сонымен қатар push немесе SMS-хабарламалар жіберілуі мүмкін.

Көлік құралы белгіленген электрондық кезекке сәйкес өткізу пунктіне өтеді. Егер көлік құралы белгіленген күні келмесе, бронь автоматты түрде жойылады.

Маңызды:
Электрондық кезек жүк автокөліктеріне, оның ішінде тіркемесі бар көліктерге және ершікті тартқыштарға қолданылады. Жеңіл автокөліктер мен автобустарға кезек брондау талап етілмейді.

💰 Төлем мөлшері:

  • кезекті рәсімдеу және брондау – 1 АЕК;
  • жүк автокөліктерін жедел тәртіппен өткізу – 100 АЕК.

Қызметті пайдаланушының кінәсінен орындау мүмкін болмаған жағдайда төленген қаражат қайтарылмайды. Бұрын брондалған кезекті басқа күн мен уақытқа бір рет қайта төлемсіз ауыстыруға болады.

📍 Жамбыл облысындағы CarGoRuqsat

Жүйе мына автомобиль өткізу пункттерінде енгізілді:

  • «Ауқатты» АӨП – 2025 жылғы 12 мамырдан;
  • «Сыпатай батыр» АӨП – 2025 жылғы 16 мамырдан;
  • «Айша бибі» АӨП – 2025 жылғы 23 мамырдан;
  • «Қарасу» АӨП – 2025 жылғы 20 қазаннан;
  • «Қордай» АӨП – 2026 жылғы 16 ақпаннан.

2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жыл басынан бері жүйе арқылы 131 824 көлік құралы өтті:
«Қарасу» – 85 628, «Сыпатай батыр» – 20 277, «Айша бибі» – 15 902, «Ауқатты» – 5 289, «Қордай» – 4 728.

Жүйеде VIN-кодты тексеру механизмі де қарастырылған. 2025 жылғы 3 сәуірден бастап көлік құралына қолданыстағы бронь болған жағдайда, алдыңғы бронь жойылғанға дейін жаңа бронь жасауға мүмкіндік берілмейді.

CarGoRuqsat шекарадағы кезекті ұйымдастыруды цифрлық форматқа ауыстырып, тасымалдаушыларға шекарадан өту уақытын, бағыттарды және жүктерді жеткізу мерзімдерін алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

Жамбыл облысы бойынша МКД

Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1277847?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді