Байқоңыр қаласының прокуратурасы медицина қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Байқоңыр қаласының прокуратурасымен жергілікті аурухананың ұжымдық шартында заң талаптарына қайшы келетін нормалар анықталды.

 

Атап айтқанда, міндетті медициналық және зертханалық тексерулерді қызметкерлердің өз қаражаты есебінен өтуі көзделген. Бұл жағдай зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне заңда көзделген кепілдіктерге қарамастан қосымша қаржылық жүктеме түсірген.

 

Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде ұжымдық шартқа өзгерістер енгізіліп, міндетті медициналық қарап-тексерулерді жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүргізу тәртібі белгіленді.

 

Осылайша, 444 медицина қызметкерінің еңбек құқықтары қалпына келтіріліп, еңбек заңнамасының талаптарының сақталуы қамтамасыз етілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/1278057?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді