Жылу желілерін жаңғырту: Әнуар Күмпекеев жұмыс барысын бақылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев Жүнісов – Дулатов көшелері бойындағы байланыстырушы жылу магистралін реконструкциялау жұмыстарының барысымен танысты.

Жоба аясында Жүнісов көшесі ауданындағы №24 жылу камерасынан Янко көшесіне дейінгі учаскеде құбырлардың диаметрін 2Ду 500 мм-ден 2Ду 700 мм-ге дейін ұлғайта отырып, жылу магистралін салу және реконструкциялау көзделген.

Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында жүзеге асырылуда.

Жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстар қаланың жылумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыруға бағытталған.

 
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kokshetau/press/news/details/1277815?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді